USD
USD
USD

Алматы облысында ХХ ғасырдың элеваторы жарылды

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін тозығы жеткен ғимаратта ерекше жарылыс болды.

Алматы облысында ХХ ғасырдың элеваторы жарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде ғимараттың жарылғаны түсірілген видео тарады. Кадрда нысанның арнайы жарылыстардан кейін қалай құлағаны көрсетілген. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, жұмысты мамандар жүргізген.

Тұрғындар элеватор балалар үшін қауіпті болғанын, себебі жергілікті балалар қараусыз қалған нысанда ойнағанды ​​ұнататынын айтады.

"Кинодағыдай жарылды. Элеватордың жарылғаны жақсы болды. Себебі балалар үшін қорқатынбыз. Ғимарат ескі болғандықтан құлайын деп тұрған еді. Енді орнына ауылға қажет нысан салып береді деп сенемін", - дейді жергілікті тұрғын Гүлім Айтбекова.

Нысандағы алғашқы жарылыс былтыр тамызда болған. Жергілікті басшылық қираған ғимарат орнына ауылға қажет әлеуметтік нысан салынатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев