USD
USD
USD

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысының полицейлері тағы бір есірткі зертханасының көзін жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бағыт бойынша патрульдеу жүргізу кезінде Іле ауданының ЖПҚБ ППР 209 бортының қызметкерлері Mitsubichi автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан 25 канистр химиялық сұйықтық табылды.

– Тергеу іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері Іле ауданының КПБ-мен бірлесіп, тыйым салынған заттарды дайындаған 29 жастағы күдіктіні әшкерелеп, Междуреченск ауылына жақын маңдағы шаруа қожалығының аумағында орналасқан есірткі зертханасын анықтады. Ұсталған адамның зертханасынан шамамен 1500 литр прекурсор тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Іле ауданының ПБ-ға тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалды, күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси