Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында ер адам жоғалды: Өртенген көлігі табылды

Алматы облысында ер адам жоғалып кетті. Оның көлігі екі сағаттан кейін ауылдың шетінде өртенген күйде табылды.

Алматы облысында ер адам жоғалды: Өртенген көлігі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық полиция департаменті 22 желтоқсанда Талдықорған полициясына 27 жастағы тұрғын 1986 жылғы ағасы Азат Теміртасовтың жоғалғаны туралы арыз жазғанын хабарлады.

Хабар-ошарсыз кеткен ер адам 21 желтоқсанда сағат 21.30-да Қарабұлақ ауылында Toyota Caldina көлігімен жүргені мәлім болды.

"Аталған өтініш СДТБТ-ға тіркеліп, оған іздеу жарияланды. Іздестіріліп жатқан ер адамның көлігі екі сағаттан кейін Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының шетінде табылды.

Қазіргі уақытта қылмыс деректері мен оқиғаның мән-жайын толық, объектив және жан-жақты зерттеуге бағытталған жедел және тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деді өңірлік полицияның баспасөз қызметі. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф