USD
USD
USD

Алматы облысында ер адам әйелін атып өлтірді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақбастау ауылында ер адам әйелін атып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысында ер адам әйелін атып өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға туралы Дина Таңсәрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, 19 қарашада Еңбекшіқазақ ауданы Ақбастау ауылының 47 жастағы тұрғыны әйелін атып өлтірген.

Әйел жолдың келесі жағында тұратын өз анасының үйіне кеткен. Күйеуі артынан барып, сол жерде оқ атқан. Марқұмның артында үш баласы қалды, бірі мектеп оқушысы.

Ішкі істер министрлігі аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Полиция бөлімінің тергеушілері адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы - күдіктіге тиесілі аңшылық атыс қаруы тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері облыстық полиция департаментінің бақылауында",- делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.