USD
USD
USD

Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

Бүгіннен бастап Алматы облысында жаңа карантиндік шектеу шаралары күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаулы бойынша аймақтағы кинотеатрлар, көңіл көтеру орындары, аттракциондар мен бассейндер қызметін тоқтатты. Көлік жуатын және жөндейтін нысандар кешкі 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Жаттығу залдары, ойын-сауық орталықтары 30%, моншалар 50% толтырылым негізінде қызмет көрсетеді. Ал, сенбі мен жексенбі күндері киім-кешек, тұрмыстық заттар сатылатын үлкен сауда үйлері және тамақтану орындары толықтай жабылады. Мейрамханалар дайын асты жеткізіп берумен ғана шектелмек. Шектеулер өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауынан енгізіліп отыр. Коронавирус жұқтырғандар саны өткен аймен салыстырғанда екі есеге өсіп, 138-ге жеткен. Науқастардың көбі Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Текелі, Талдықорған қаласында тіркелген. Қазір өңірде 300-ден аса адам осы індеттен емделуде, олардың 120-сы облыс орталығында. Науқастардың бір бөлігі жаңадан салынған инфекциялық ауруханаға көшіріле бастады. «Жалпы індеттің екінші кезеңіне дайындық жұмыстары аясында өңірде тиісті қондырғылар сатып алынды дейді», - сала жетекшісі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер