USD
USD
USD

Алматы облысында энергетикалық сусындарды ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті

Науқас Алматы қалалық көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне шұғыл түрде жатқызылды. Ол кеуде тұсының ауырсынуына шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында энергетикалық сусындарды ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Туыстарының айтуынша, ол соңғы төрт жылда күн сайын энергетикалық сусындар ішкен. Толық тексеруден кейін дәрігерлер науқасқа созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Бұл жүректің соғу функциясы бұзылып, органдар мен тіндерге оттегінің жетіспеушілігінен зардап шегетін жағдай», - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазір науқастың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Дәрігер энергетиктердің құрамында кофеиннің көп дозасы барын еске салды.

Айтуынша, бұл жүректің ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін, ал оның көмірқышқыл газының қантпен үйлесуі асқазан мен бауыр үшін қауіпті.

«Энергетикалық сусындарды тұтыну артериялық гипертензияға, мигреньге, жүрек ритмінің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкеледі. Сондай-ақ, психомоторлық қозуды, тітіркенуді, ұйқысыздықты, тахикардияны, аритмияны, қан қысымының жоғарылауын тудыруы мүмкін», - дейді кардиолог дәрігер Мұхамеджан Нұралиұлы.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG