USD
USD
USD

Алматы облысында экс-әкімнің ісі бойынша сот болып жатыр

Алматы облысында Талғар ауданының экс-әкімі Серікжан Ерекешевтің ісі бойынша сот өтіп жатыр. 

Алматы облысында экс-әкімнің ісі бойынша сот болып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс ағымдағы жылдың шілде айының соңында сотқа түскен. Отырыс 5 тамыздан басталды. Істерді қарау кестесіне сәйкес, кезекті тыңдау 6 қазанда өтті. Ауданның бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешевпен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы Асқар Шамаев та айыпталуда. Екі шенеунік алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамнан пара алды деген күдікке ілінді.

"Серікжан Ерекешев пен Асқар Шамаев Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда. Бұл ауыр қылмыстарға жатады. 

Аталған істі тоқтатуға, тоқтата тұруға, байланыстыруға, сондай-ақ прокурорға жіберуге негіз жоқ", - делінген сот қаулысында.

Сондай-ақ, сотқа адвокаттан Ерекешевке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш түсті. "Әзірге сот процесінің жалғасып жатқанын айта аламын. Ешқандай сот актілері шығарылған жоқ. Істі қарау 14 қазанға ауыстырылды. Куәларды шақыру жүргізіледі. Пікірсайысқа дайындық келесі аптада жалғасады", - деді Талғар аудандық сотының баспасөз хатшысы Росита Михайлова. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы