USD
USD
USD

Алматы облысында екі күн электр стансасы қосылды

Алматы облысында қуаты 3 МВт "Қапшағай" және қуаты 4,95 МВт "Сарыбұлақ" күн электр стансалары пайдалануға берілді. Екі КЭС-тің жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ.

Алматы облысында екі күн электр стансасы қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жаңа күн электр станциялары күнді бақылау жүйелерімен жабдықталған. Трекер қондырғылары күннің қайда орналасқанын бақылайды және автоматты түрде күн модульдерінің тиімді бағытын қамтамасыз етеді.

Осылайша, электр энергиясын өндіру фотоэлектрлік жүйенің статикалық орналасу әдісімен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ға артады.

Екі күн стансаларының жылдық болжамды өндірісі 14,1 млн кВт/сағ., бұл атмосфераға шығатын CO2 шығарындының 7,5 мың тоннасын болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық электр энергиясы Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне түсетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер