USD
USD
USD

Алматы облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы маманы пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Артспорт" бағдарламасы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын тексергеннен кейін Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы маманы пара алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Департамент Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманын Artsport мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою және серіктестік қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 400 000 теңге пара алғанын әшкереледі", - делінген Антикор хабарламасында.

Бұл жағдайда маман мен кәсіпкерге қомақты айыппұл салынған.

"Қонаев қалалық сотының үкімі бойынша, бас маманға 12 миллион теңге, ал кәсіпкерге 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық