USD
USD
USD

Алматы облысында бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматы облысында 51 жастағы ер адам бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Алматы облысында бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Іле ауданының Междуреченск ауылында болған.

"27 қараша күні Іле ауданының 51 жастағы тұрғынына қатысты тергеу басталды. Оның үстінен адам өлтірді деген баппен іс қозғалды. Алды ала тергеу мәліметі бойынша, екі ер адам бірігіп ішімдік ішкен, соңы жанжалға әкеліп, 51 жастағы адам бөтелкелесінің тамақ тұсына пышақ жарақатын салған. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Айтуынша, ол қылмыс жасағанына қатты өкінеді. Ішімдіктің буымен осындай қылмысқа барғанын айтады",- делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламасында. 

Қазір күдікті қамауға алынды. Ол жәбірленушіге жедел жәрдемді өзі шақырған 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан