Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында блок-бекеттер қойылды

КВИ-дың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа жатқызылған Алматы облысының Көксу ауданында блок бекеттер қойылды. Өткен тәулікте өңірде 263 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысында блок-бекеттер қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таңғы сегізден түнгі онға дейін ауданға кірер жолдарда полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кезекші болатынын жеткізді. Ауылдық округ территориясына осындай блок-бекеттің тоғызы қойылған.

Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактикалық сипатта күндізгі блок бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр.

"Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген адамдар ғана бақылауға алынады", – деді Көксу ауданы полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық