USD
USD
USD

Алматы облысында бір тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, соңғы тәулікте Алматы облысында 69 адамнан коронавирус анықталған.

Алматы облысында бір тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Алакөл, Қарасай, Райымбек, Көксу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында байқалады. Соңғы тәулікте коронавирустың 69 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 60 симптомдық және 9 симптомсыз жағдай. Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Еңбекшіқазақ-2, Ескелді-1, Жамбыл-8, Іле-3, Қарасай-19, Сарқан-3, Талғар-4, ұйғыр-2, Қапшағай қаласы-12, Талдықорған қаласы 15 жағдай тіркелді. «12 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 58 484 коронавирус жұқтыру жағдайы зертханалық деңгейде расталған. Оның ішінде 43 484 жағдайда симптомдар бар. 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші – 2662,9 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстырғанда 0,02% - дан 0,05% - ға дейін ұлғайды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей