USD
USD
USD

Алматы облысында бір тәулікте 40-тан астам бала коронавирус жұқтырды

Алматы облысында соңғы тәулікте 244 адамнан коронавирус анықталды.

Алматы облысында бір тәулікте 40-тан астам бала коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, соңғы тәулікте КВИ 244 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,7%, оның ішінде 196 симптомдық және 48 симптомсыз жағдай. Коронавирус анықталған 244 жағдайдың 39-ы 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында – 28 және студенттер арасында 3 жағдай тіркелді. Облыс өңірлері арасында өткен бір тәулікте індеттің тіркелу жағдайы келесідей: Ақсу – 2, Алакөл–21, Балқаш–7, Еңбекшіқазақ - 17, Ескелді –8, Жамбыл – 22, Іле – 9, Қарасай – 30, Қаратал - 12, Кербұлақ – 41, Панфилов–4, Сарқан – 11, Талғар–16, Ұйғыр–10, Кеген – 4, Талдықорған – 20, Текелі – 10. 2020 жылдан бері ауруханадан 28 673 науқас емделіп шықты. «9 тамыздағы жағдай бойынша, жалпы облыста КВИ-дің зертханалық расталған 34 903 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде 23 421 симптомдармен. 100 мың тұрғынға шаққанда коронавируспен сырқаттанушылық көрсеткіші – 1633,0 құрады. Соңғы 2 апталық салыстыру кезінде облыс бойынша КВИ өсу қарқыны бір деңгейде тұр - 0,9%. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөлде - 1,9%, Балқашқа - 1,0%, Ескелдіде - 1,4%, Қарасайда - 1,8%, Қараталда - 1,2%, Кербұлақта - 1,8%, Сарқанда - 1,8%, Кегенде - 1,7% аудандар мен Қапшағай қаласында 1,4% байқалады», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы