USD
USD
USD

Алматы облысында бастауыш сынып оқушысы аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған

Алматы облысының Бесағаш ауылында бастауыш сынып оқушысы құрдастары тарапынан көрсетілген буллингтен кейін суицид жасаған. 

Алматы облысында бастауыш сынып оқушысы аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған жағдайға қатысты Алматы облыстық Білім басқармасы мәлімдеме жасады. Іске қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған. Ведомство өкілдері қазір оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса, барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.

"Осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен Алматы облысының білім басқармасының басшылығы шұғыл түрде бала оқитын мектепке аттанды"-  деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бесағаш ауылындағы №29 мектепте 4-сынып оқушысын сыныптастары қорлаған көрінеді. Алматы облысы Талғар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ол үйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болып хат жазып қалдырған. Сосын дәрі-дәрмекті жұтып қойған (болжам бойынша аспириннің 10 таблеткасын). Оны дүкеннен келген анасы тауып алған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты