USD
USD
USD

Алматы облысында балық аулауға тыйым салынды

 Алматы облысындағы өзен-көлдерде балық аулауға тыйым салынды.

Алматы облысында балық аулауға тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іле өзенінің Қапшағай гидроэлектр станциясынан Аралтөбе ауылына дейінгі аралығында маусым айының 5-іне дейін балық ұстауға болмайды. Қапшағай су қоймасы мен Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендерінде және Балқаш көлінде бұл шектеу 15 сәуірден бастап енгізіледі. Өйткені аталған су айдындарындағы балықтардың уылдырық шашу кезеңі 10 шақты күн кешірек басталады. Бұл табиғи құбылыстың ауа райы мен судың температурасына байланысты болатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Мұндай ғылыми зерттеулер қазір Алакөлде де жүргізіліп жатыр. Жетісу өңіріндегі балық аулау мерзімі маусым айының басында ашылады. 

 Қапшағай су қоймасы мен оған құятын барлық өзендердің сағасында 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында балық аулауға тыйым салу мерзімі бекітілді. Шегерілім табиғи жағдайға байланысты болды. 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов