USD
USD
USD

Алматы облысында бағаны тұрақтандыруға 5,7 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр

Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 5,7 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында бағаны тұрақтандыруға 5,7 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Бұл қаржының 1,1 млрд теңгесі тұрақтандыру қорына тауар сатып алу үшін жұмсалса, қалған қаражат тауарөндірушілерді несиелендіруге бағытталды. Қазіргі таңда өңірде әлеуметтік маңызы бар азықтың 2 айдан 6 айға жетететін қоры жинақталған. Қоймаларда 1330 тонна ұн, күнбағыс майы, қант, күріш пен макарон өнімдері сақтаулы.

Қосымша 800 тонна азық-түлік сатып алу жоспарланып отыр. Облыста арнайы құрылған мониторингтік топтар тауарлардың бағасын бақылап, қымбаттап кетпеуін қатаң қадағалауда.

 «Кейбір жерлерде өнімдерінің бағасын түсіруге шешім қабылдады. Мысалы нан, сұйық май, жұмыртқа, күріш сияқты тауарларға 5-тен 7 процентке дейін бағалары төмендеді», - деді «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Бақтияр Сембеков.

Қазір оқып жатыр

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев