USD
USD
USD

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: бірнеше адам көз жұмды

  Алматы облысында Van Hool жолаушылар автобусы мен Mercedes-Benz автокөлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: бірнеше адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға 27 желтоқсан күні сағат 21.40 шамасында Жамбыл ауданында – Самсы мен Ақтерек ауылдарының арасында болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол ережесін бұзған жеңіл көлікте алты адам болғаны анықталып отыр. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, «Алматы-Бішкек» тасжолының 108-ші шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Van Hool автобусымен соқтығысқан.

«Mercedes-те болған үш адам оқиға орнында көз жұмды. Шетел көлігінің қалған үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Сондай-ақ ведомство жол апатынан рейстік автобустағы жолаушылар зардап шекпегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп