USD
USD
USD

Алматы облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

Алматы облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі, деп ескертті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 17 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде 2023 жылғы 17 шілде 09 сағаттан 19 шілде сағат 21-ге дейін Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 18-19 шілде күндері түстен кейін 42 градус қатты ыстық болады. 18-19 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қонаев қаласында 18-19 шілдеде түстен кейін 40-42 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі. 18-20 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

"Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті