USD
USD
USD

Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық жол жабылды

Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы ауа райына байланысты жабылды.

Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық жол жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Республикалық тас жолға шығуға көліктің барлық түріне тыйым салынады, деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Ақпарат бойынша, 18 желтоқсанда сағат 13.00-ден бастап боран мен жолдың көрінуі нөлдік деңгейде болуына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

"Алматы облысы ТЖД өкілдері тұрғындардан осы бағытта жүруден бас тартуды және 112 қызметінің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шығарда ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті затты өзіңізбен алып жүріңіз", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі