USD
USD
USD

Алматы облысында апатқа ұшыраған санавиация ұшағына қатысты сот ісі жалғасуда

Алматы облысы Іле аудандық сотында 2017 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған санавиация ұшағына қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Алматы облысында апатқа ұшыраған санавиация ұшағына қатысты сот ісі жалғасуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл істе алдымен әуе компаниясының директоры жауапқа тартылған болатын. Тергеу мәліметіне сәйкес апатқа ұшақтағы техникалық ақау мен ұшқыштың қатесі себеп болуы мүмкін екені айтылған. Кейінірек қаза тапқан ұшқыштың әкесі Евгений Кутафин ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін деген еді. Өйткені Ан-28 ұшағы әскери полигонның үстінен ұшқан. Бүгінгі отырыста ұшақтың әрбір бөлшегін жан-жақты зерттеген сарапшы Владлен Миленковтың пікірі тыңдалды. Ол ұшаққа оқ тиді деген пікірмен келіспейтінін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 3 қазанында Алматыдан Шымкентке ауыр науқасқа көмекке шыққан Ан-28 санавиация ұшағы әуеге көтерілген соң 12 минуттан кейін апатқа ұшырады. Екі ұшқыш пен борт техник және 2 дәрігер қайтыс болған еді.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын жаңа жүйені сынап жатыр

Айжан Аймағанова

Еңбек нарығына жүргізілген аудит кезінде 471 млн теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Аудит қорытындысына коллаж