USD
USD
USD

Алматы облысында «АлматыЭнергоСбыт» қызметкері 4 жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған

Алматы облысында Энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған. 

Алматы облысында «АлматыЭнергоСбыт» қызметкері 4 жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да, Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін  ол деректер базасына әріптестерінің  логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген.  

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғындарын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16  млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды.  

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері сотпен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5-жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті