USD
USD
USD

Алматы облысында әкімдікте істеген 5 қызметкер сотталды

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрын әкімдікте істеген 5 қызметкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысында әкімдікте істеген 5 қызметкер сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лауазым иелері алаяқтық ісі бойынша сотталды. Оларға  2015-2020 жылдар аралығында жер телімдерін заңсыз берген және жердің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерткен деген айып тағылды. Тергеушілер жер телімімен байланысты 194 деректі айқындады. Сотталушылардың алды сегіз жылға, соңы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Төрт сотталушының мүлкі тәркіленді. Өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынды. Біреуі ғана рақымшылыққа ілініп, бас бостандығы шектелді. Әзірге үкім күшіне енген жоқ. Сондықтан сотталушылар  шағымдануға құқылы. Олардың заңсыз әрекеті Bek Air ұшағының Алматы әуежайының маңында болған апатынан кейін ашыла бастады. Бұл іс бойынша бұған дейін де кінәлілер жазаланды.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция