USD
USD
USD

Алматы облысында әкесі зорлаған апалы-сіңлілерге қатысты жаңа деректер айтылды

28 мамыр күні 2001 жылғы Ц. есімді азамат пен 2003 жылғы азамат Ц. өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК 121 - бабының 4-бөлігі "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.

Алматы облысында әкесі зорлаған апалы-сіңлілерге қатысты жаңа деректер айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел - іздестіру іс-шараларымен жәбірленушілердің әкесі  57 жастағы күдікті Ц. есімді азамат анықталған

"Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыстар жасалған мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды",  - делінген полицияның хабарламасында. 

Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Тергеу барысы облыс полиция департаменті бастығының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық