USD
USD
USD

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып өлтірді

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып өлтірді. Бұл ақпаратты Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол апаты 23 сәуірде түнде Талдықорған қаласынан 15 шақырым жердегі Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында болған.

19 жастағы жүргізуші екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кеткен. Үш жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

"Сараптамалар тағайындалып, ЖКО дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити