USD
USD
USD

Алматы облысында ағасы қонаққа келген інісін пышақтап өлтірген

Алматы облысы Қарасай ауданында кісі өлімі дерегі тіркелді, - деп хабарлайды 

Алматы облысында ағасы қонаққа келген інісін пышақтап өлтірген
Фото: NEGE.kz

Polisia.kz

Алматы, NEGE. 5 маусымда Бұлақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның денесі табылған. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалған. Сот сарапшыларының алдын ала қорытындысы бойынша, жәбірленуші жүрек тұсынан пышақталған.

Жәбірленуші Ақтөбе облысының тумасы болып шыққан. Ол ағасына қонақ болып келген. Ағасы жалдамалы пәтерде азаматтық некедегі жұбайымен бірге тұрған.

Ведомство мәліметінше, бөлмелердің күйіне қарағанда, үйде ішімдік ішілген. Сонымен қатар, оқиғаға қатысы бар екінші адам белгісіз бағытқа қашып кеткен.

"Іздестіру топтары жергілікті жерді қарады. Жақын маңдағы барлық елді мекен тексерілді. Нәтижесінде, күдікті көрші ауылдың көшелерінің бірінен табылды. Ер адам жәбірленушінің 52 жастағы ағасы болып шықты. Екеуінің арасында жанжал туындаған, арты қайғылы оқиғаға ұласқан", - деді полицейлер.

Күдікті қамауға алынды. Оқиға орнынан бірнеше ас үй пышағы табылған, олардың бірі қылмыс құралы болған. Қажет сараптамалар тағайындалған. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай

«Оңбаған болмаңдар»: Елші Дәурен Абаев жастарға қандай кеңес берді?

Дәурен Абаев

Санжар Боқаевты алғашқы сот отырысы алдында Алматыдан Астанаға алып кеткен

Санжар Боқаев