Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында адам өлтірген шетелдік өзге қаладан ұсталды

Алматы облысының полицейлері адам өлтірді деген күдікке ілінген өзге ел азаматын Шымкент қаласынан іздеп тапты.

Алматы облысында адам өлтірген шетелдік өзге қаладан ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының Талғар ауданында болған адам өліміне қатысты күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары өтті. Оның барысында полицейлер 50 жастағы күдікті – Өзбекстан азаматын Шымкент қаласынан ұстады. Ол Талғар қаласына жеткізілді.

«Күдікті ретінде 1970 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол ішімдік ішіп отырғанда туындаған жанжал барысында танысына пышақ жарақатын салғанын және ол соның салдырынан көз жұмғанын мойындады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамаққа алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды», - деді Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы Жанболат Зиадин.

Күдікті аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін оқиға орнынан із суытқан.

«Сонымен қатар, оқиғаның куәгері болған үшінші адам да қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оған қылмысты жасыру дерегі бойынша айып тағылды. Бұдан бөлек, күдікті деп танылған өзге мемлекет азаматының елімізге келуінің заңдылығы және немен айналысқаны толыққанды тексерілетін болады»,- деп толықтырды полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов