USD
USD
USD

Алматы облысында 9 жасар баланы бұралқы ит талап тастады

Жазатайым оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 19:00-де Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылы, Атажұрт көшесі 29 үйде болған. Аталған тұрғын үйдің ауласы қоршалмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында 9 жасар баланы бұралқы ит талап тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бос жүрген белгісіз ит 9 жастағы Шәріпжан Халифаны қауып алды.

Дереу жедел жәрдем шақырылды. Баланың жарақатын таңып, ол Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір Шәріпжан Халифаның қасында анасы Мақпал Алманова бар.

Баланы тістеген ит 23 сәуірде ұсталып, Ұзынағаш ауылының ветеринария станциясына тоғытылды.

Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты. Бала ақылы бөлімде ем алып жатыр. Ақсеңгір ауылының тұрғындары, еріктілері көпбалалы отбасына көмек қолын созып, ұйымшылдық танытып отыр.

"Биыл ауыл тұрғындарының өтініші және "қаңғыбас иттер туралы" жазбаша өтініштер бойынша арнайы қызметкерлерге иттерді аулау жұмысын жүргізген. Нәтижесінде аудан бойынша 469 ит, оқиға орын алған Ақсеңгір ауылында 30 қаңғыбас ит ауланды", - дейді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком