USD
USD
USD

Алматы облысында 69 шенеунік жемқорлық әрекеті үшін сотталды

Алматы облысында жыл басынан бері 63 мемлекеттік шенеунік сотталды.

Алматы облысында 69 шенеунік жемқорлық әрекеті үшін сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 айда 90-ға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелсе, 68 қылмыста сыбайластық жемқорлық фактісі анықталған.

Алайда сотталғандардың басым бөлігіне айыппұл төлеу үкімі шыққан. 65 адам жазадан құтылу үшін мемлекетке 117 млрд теңге төлеуі тиіс.

Екі мемлекеттік қызметшінің бас бостандығы шектеліп, үш лауазымды тұлға қамалған.

«Жыл басынан бері 69 адам сотталды, оның ішінде 64 адамға 116,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. 2 адамның бас бостандығы шектелді, 3 адам бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды» делінген Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Департаменттің мәліметінше, пара алу деректері әлі де білім, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласында жиі кездесіп отыр.

Сондай-ақ пандемия кезінде қызметін асыра пайдаланушылардың да саны артып келеді.

«Іле ауданы мемкірістер басқармасының басшысы 400 мың теңге пара алды. ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот үкімімен оған 12 млн теңге айыппұл салынды», - деді Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді