USD
USD
USD

Алматы облысындағы 4 ауыл табиғи газға қосылады

Талғар ауданының Ақдала, Ақтас, Жалқамыс ауылдарында мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша газ тарату желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Алматы облысындағы 4 ауыл табиғи газға қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда Ақдала кенті бойынша 200 тұрғын көгілдір отынға қосылуда, Ақтас кенті бойынша 80 абонент табиғи газды қосуға ниет білдірсе, ал Жалқамыс ауылында 2000 тұрғынға газ тарату желілерін қамдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, жақын арада жұмыстар аяқталады. 

- Президенттің тапсырмаларында елді газдандыру мәселесі ерекше орын алады. Өз тарапымыздан біз облысымыздың әрбір тұрғынына газ қолжетімді болуы үшін бәрін жасаймыз. Мысалы, абоненттерді қосу құны 180 мың теңгеден аспайды, - деп атап өтті Алматы облысы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дастан Шалтабаев. 

Талғар қаласының Аққу ықшам ауданында 300 абоненттің көгілдір отынға қол жеткізуі үшін газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоба аяқталу сатысында.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.