Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында 37 градус аптап болады

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында 37 градус аптап болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада өңірдің кей аймақтарында 37 градусқа дейін ыстық болып, өрт қаупінің сақталатыны ескертіліп отыр.

«Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны 3 маусымда дауылды ескерту жариялады. Соның негізінде 4 маусым күні Алматы облысының кейбір аумақтарында найзағай жарқылдайды. Шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ күндіз кей аймақтарда 37 градусқа дейін аптап ыстық болады және жоғары өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Жел батыстан соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға алып, сақтық шараларын сақтауға шақырады» делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 28 мамыр күні Алматы облысындағы Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында найзағай соғып, екі адам мерт болған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА