USD
USD
USD

Алматы облысында 1448 медицина қызметкері үстемақы алды

 Алматы облысының 1448 медицина қызметкеріне, оның ішінде 205 дәрігерге, 882 орта медициналық қызметкерге, 361 кіші медициналық қызметкерге үстемақы төленді. 

Алматы облысында 1448 медицина қызметкері үстемақы алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 «әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы« Жарлығын орындау мақсатында төтенше жағдай режимі жағдайында Алматы облысының әкімдігі облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау жөніндегі комиссия құрды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы жұқтыру қаупі топтарына сәйкес COVID-19 коронавирусымен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің тізімін анықтады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан денсаулық сақтау ұйымдарының 1448 қызметкеріне, оның ішінде 205 дәрігерге, 882 орта медициналық, 361 кіші медициналық қызметкерлерге еңбекақы төленді», - делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, облыс әкімінің қаулысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 1 023 медицина қызметкеріне, оның ішінде 178 дәрігерге, 528 орта медициналық, 317 кіші медициналық қызметкерге сыйақы беру үшін қосымша қаржы бөлінді.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті