USD
USD
USD

Алматы облысында 120-дан астам мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Алматы облысының прокуратурасы Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломымен жұмыс істеп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында 120-дан астам мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атын пайдалану арқылы жасалған. Көрiнеу жалған құжатты пайдалану деректері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр", - деді Алматы облысының прокуратурасы.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органы 41 маманға қатысты қылмыстық істер кінәсін мойындауына байланысты және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына орай ақталмайтын негіздер бойынша өндірістен тоқтатылды, олар қызметтен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу