Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысында 11-12 шілде карантин күшейтіледі

Алматы облысында 11 және 12 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Алматы облысында 11-12 шілде карантин күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары мынадай қаулы жасады:

"Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Алматы облысының полиция департаменті, Облыстың кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Алматы облысының "Атамекен" ҰКП филиалы 2020 жылғы 11 және 12 шілдеде қоғамдық көліктің, сондай-ақ, барлық нысанның қызметін тоқтатуды қамтамасыз етсін", - делінген хабарламада.

Облыстың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер ережеге бағынбайды. Олардың ішінде:

1. Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымы (электр энергетикалық компаниялар, сумен/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электрик, сантехник, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер. Сондай-ақ, тізімге жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар кірді;

2. Өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, ашық кеңістікте құрылыс компаниялары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде жұмысын жалғастырады;

3. Медицина ұйымдары;

4. Стоматология ұйымдары;

5. Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығы жедел жәрдем қызметтері;

6. Зертханалардың барлық түрі;

7. Азық-түлік супермаркеттері мен дүкендер, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтары мен көппәтерлі тұрғын үйлердің ішіндегі;

8. Дәріханалар, оның ішінде ветеринариялық;

9. Бұқаралық ақпарат құралдары;

10. Ауыл шаруашылығы, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге тартылған ұйымдар мен қызметкерлер;

11. Күнделікті жұмыс кестесі бар және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, автожанармай құю және автогаз құю станциялары;

12. Жұмыс алгоритмін сақтай отырып әуежайлар, теміржол вокзалдары;

13. Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар;

14. Салт бойынша қызмет көрсету объектілері, зираттар;

15. Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары;

16. Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде теміржолдарға қызмет көрсету бойынша қызметтер.

Қаулы 2020 жылғы 11 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо

«Торпедо» әйелдер хоккей командасының таратылуына қатысты басқарма жауап берді

спорт