USD
USD
USD

10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

 10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 қыркүйекте Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының қолды болғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. «Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы шетелдік азаматты ізін суытпай анықтады. Ұсталған сәтте күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгерген. Ноутбук сатып алушыдан алынды. Жеке басын тексеру барысында ұсталған азаматты 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды. Күдікті қамаққа алынды», - дейді Жамбыл аудандық ПБ бастығының орынбасары Данияр Қыйқабаев. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу