Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысынан ұрланған мал Павлодар облысынан табылды

Алматы облысының полицейлері ұрланған 19 бас жылқы мен үш құлынды Павлодардан тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысынан ұрланған мал Павлодар облысынан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының тәртіп сақшылары Алматы облысы Қоғамшыл ауылының жайылымынан белгісіз біреулер ұрлап кеткен 19 бас жылқы мен үш құлын ұрлығын ашты.

“Құны 8 млн теңгеге жуық 19 бас жылқы мен 3 құлынның ұрланғаны туралы Қоғамшыл ауылының 36 жастағы тұрғыны арызданды, ол жоғалған малын алты күн бойы өзі іздеген.  Ер адам жылқылардың із-түссіз жоғалып кеткеніне көзі жетіп, оларды өз күшімен іздеп таба алмайтынын ұғынған. Бұл дерек аса ірі көлемдегі мал ұрлығы бойынша тіркелді”, – дейді Жамбыл ауданының ПБ бастығы Асхат Тегенбаев.

Ауданның үздік полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы жоғалған малды іздеп, қарқынды жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді.

“Қабылданған шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматы облысы Жамбыл ауданының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Іздестіру барысында күдіктінің Павлодар облысының Ақтоғай ауданында тұратын туысынан 11 бас жылқы тәркіленді. Әрі қарай іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған малдың қалғаны да табылып,  заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның осыған ұқсас  басқа да  қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде”, – деп толықтырды Асхат Тегенбаев.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы басты көпірдің қозғалысы бір аптаға шектеледі

Арқар көпірі

Резерв пен салық. Назарбаевтың «АТБ Банкі» НЕГЕ пайдасын 31 пайызға азайтты?

.

Бірінші сыныпқа баратын балалардың 71%-ы қазақ тілін таңдаған

Мектеп

Хакер даркнетте 15 млн қазақстандықтың жеке дерегін сатылымға шығарған

жеке деректер