USD
USD
USD

Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы тергеуге алынды

Алматы облысында Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы 1,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы тергеуге алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесе, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ол «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын Текелі қаласының аумағын аббаттандыру туралы жасалған шарттар бойынша Қоғамдық бірлестіктің директорынан Қоғам қызметіне жалпы қолдау көрсеткені үшін 1 500 000 теңге сомасында пара алуда күдікті болып отыр», - делінген Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жалғасуда. Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Қазір оқып жатыр

200 мың доллар және миллиондаған рубль: шекарада қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік