USD
USD
USD

Алматы облысы: пандемияның екінші толқынына дайындалып жатыр

 Алматы облысында пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары жүріп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысы: пандемияның екінші толқынына дайындалып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақсу аудандық ауруханасының жанынан құрылған провизорлық орталық алғашқы толқында 180 науқасты қабылдады. 44 адам коронавирус инфекциясынан емделді. Қазір бұл медицина мекемесіндегі бөлімшелер қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. «Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Мұнда 30 шақты оттегі концентраторы жеткізілді. «Қан анализаторы, өкпені жасанды желдету аппараттары да жеткілікті», - дейді мамандар.

Аудандық аурухана директорының орынбасары Динара Ахметова: "Қазіргі таңда бізде инфекциялық 10 орын жұмыс жасап жатыр екінші деңгейлі. Егер де екінші толқын бастала қалған жағдайда біз тағы дайынбыз. Дәрі-дәрмек қоры 1,5 айға жеткілікті, қоймада ұстап отырмыз" деді. 

Қазір оқып жатыр

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін

тест

Қазақстан мұнайы Германияға басқа бағытпен тасымалданады – Новак

Мұнай экспорты

Атырауда жаңа полиция басшысы тағайындалды

Айдар Қасанов

Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев