USD
USD
USD

Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақтар табылды

Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақтар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы маңындағы орманнан қару-жарақтар табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 тамыз сағат 17:35 шамасында Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Талғар ауданының аумағындағы орманнан МЕ-8 Police газ тапаншасы мен бір ОСА травматикалық тапаншасын тауып,тәркіледі. Сонымен қатар 5,6 мм калибрлі ТОЗ иір ойықты мылтық, 3 LSG гранатасы, 3 бірлік жарық-дыбыстық гранаталар және 7,62 мм калибрлі 15 патрон, оқ-дәрілер табылды.

– Аталған дерек полицияда ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ( Атыс қаруын тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс