USD
USD
USD

Алматы облысы болашақта республикалық бюджеттің доноры бола алады

2022 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша ЖӨӨ көлемі 2 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысы бойынша 1,1 трлн теңгеге дейін, ал Ұлытау облысында ЖӨӨ 1,3 трлн теңгені құрайды деп күтілуде. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алдағы уақытта күтілетін нәтижелерге тоқталды.

Алматы облысы болашақта республикалық бюджеттің доноры бола алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Оның айтуынша, жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2022 жылы Абай облысы бойынша – 3,1 млн теңге, Жетісу облысы бойынша - 1,6 млн теңге деңгейінде, ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш 5,5 млн теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр, бұл 2021 жылға қарағанда 30% - ға артық.

«2022 жылы Абай облысының жеке кірістері 70 млрд теңгені, Жетісу облысында – 58 млрд теңгені, Ұлытау облысында – 48 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте алдын ала болжамдық есептер бойынша жаңадан құрылған Алматы облысы, ең аз шығындар көлемімен болса да, перспективада республикалық бюджеттің доноры бола алатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ жаңадан құрылған өңірлер бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі артады деп күтілуде, оның ішінде Абай облысы бойынша – 1 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысы бойынша - 275 млрд теңгеге дейін, Ұлытау бойынша - 855 млрд теңгеге дейін», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция