Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы облысы білім басқармасының басшысы қамауға алынды

Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы қамауға алды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сауалымызға жауапта жіберді.

Алматы облысы білім басқармасының басшысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

АлматыNEGE. Майгүл Омарова мен "Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы" КММ басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынды.

"2021 жылы 4 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктілер М.Т. Омарова мен А.А. Меңлібаевқа қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдікті Б.С. Абдолданова үйқамаққа алынды", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратура өкілдері.

Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Алматы облысының білім басқармасы" ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеу бастаған болатын. Іс ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі "Пара алу" және ҚР ҚК-нің 367-бабы 4-бөлігі "Пара беру" бойында тергеліп жатыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық