USD
USD
USD

Алматы облысында Ақөзек ауылын су басты

Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылындағы аула аумақтарын су басты, деп хабарлады ТЖМ. 

Алматы облысында Ақөзек ауылын су басты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2023 жылғы 5 наурыз күні сағат 18.46-да Алматы облысы ТЖД Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның (+12 градус) жоғарылауына және Ақөзек ауылының солтүстік бөлігінен құрғақ арна арқылы ауыл ішімен өтетін құрғақ арна бойындағы таулардың баурайынан еріген судың түсуіне байланысты қардың қарқынды еруі салдарынан Қонаев қаласы Ақөзек ауылынан оңтүстікке қарай, құрғақ арнадағы су деңгейі көтерілгендіктен құбырлы өткелдер кіретін су көлеміне төтеп бере алмады, соның салдарынан көшелер мен жеке тұрғын үйлердің 6 аула аумағы су астында қалғаны хабарлама келіп түсті. ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен инженерлік техниканы (3 экскаватор және 2 тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша төгу арналарын төсеу әдісімен еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілді.

ТЖ департаментінің 10 қызметкері, 2 бірлік техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды. 2023 жылғы 6 наурыз күні сағат 7:00-де жағдай қалыпқа келді. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті