USD
USD
USD

Алматы: Мыңнан аса жұмысшы қар тазалауда

Алматыда қар тазалауға 574 арнайы техника мен 1190 жұмысшы жұмылдырылды.

Алматы: Мыңнан аса жұмысшы қар тазалауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда 4 желтоқсан күні кешкісін жауа бастаған қар әлі де тоқтаған жоқ. Осы аралықта қалаға 4-6 см, таулы аудандарда 8-10 см, тау бөктеріне 14-16 см қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайырықтарынан түсер жерге арнайы материалдар шашылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақтарды қардан тазарту жалғасуда.

Түнгі қар шығару жұмыстарына 537 техника, оның ішінде 200 құмлақтырғыш және 576 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын.

5 желтоқсан күні 574 арнайы техника мен 1190 жол жұмысшысын тарту жоспарланған. Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін ауа температурасы күндіз -1, -3. Қар жауады.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар шығару жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт