USD
USD
USD

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды

Алматы метросында жолаушыларға пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды. 

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Метрополитендегі Полиция басқармасының мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар музыкалық колонканың көмегімен әуенді қатты дауысқа қойып, азаматтардың наразылығына назар аудармаған. – Кейбір жолаушылар әуеннің кенеттен ойнағанын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі “Жібек жолы” бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы А., К. және А.есімді азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша квалификацияланған. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары Қайрат Жұрұнов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе