Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы мешіттерінде жұма намазын оқуға тыйым салынады

Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енгені себепті жұма намазы, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейді.

Алматы мешіттерінде жұма намазын оқуға тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енді. Осыған байланысты қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады. Аталған қаулы биыл 13 наурыздан бастап күшіне енеді. Шектеу шаралары діни нысандарға да қатысты болып отыр. Атап айтқанда, ғибадат нысандары ғимаратында әлеуметтік қашықтықты, санитария нормаларын және маска режимін қатаң сақтап, тек жеке құлшылық рәсімдерін өткізуге рұқсат етіледі. Шектеуге байланысты жұма намазы, жексенбілік қызметтер уақытша өткізілмейді", - деді Алматы дін істері бойынша басқармасы басшысының орынбасары.

Ерғали Көшек құлшылық орындарына маскасыз келген азаматтар кіргізілмейтінін және келушілердің температурасы өлшенетінін айтты.

Еске салайық, кеше, 10 наурызда Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланған еді. Қаулыға сәйкес, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі