USD
USD
USD

Алматы мен Ташкент арасында жылдам пойыз жүретін болды

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасына «Нүкіс-Бейнеу-Нүкіс» бағыты бойынша алғашқы халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды.

Алматы мен Ташкент арасында жылдам пойыз жүретін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстан темір жолдары АҚ мәліметінше, 2022 жылдың 2 мамырынан бастап Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 ("Тальго-Тұлпар")  бағытымен аптасына үш рет № 1/2 тұрақты жылдам пойызы ұйымдастырылады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысымен (Қазақстан темір жолы) тиісті келісімдер жасалған. Ташкенттен келетін бұл пойыз сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жолға шығады.

Атап өтілгендей, билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары жерүсті өткізу бекеттері арқылы шекарадан еркін өте алады.

«16 наурыздан бастап Өзбекстанның Тәжікстан және Қазақстан шекарасындағы жерүсті өткізу пункттері арқылы барлық адамдардың өтуіне қойылған уақытша шектеулер алынып тасталды», – деп мәлімдеді Өзбекстан көлік министрлігі.

Сондай-ақ екі елдің қалалары арасында тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтірілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City