USD
USD
USD

Алматы мен Қарағандыда террорлық акт жасамақ болған

«Алматы және Қарағанды облыстарында жыл басынан бері террорлық акт жасамақ болған үш оқиғаның жолы кесілді», деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы мен Қарағандыда террорлық акт жасамақ болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Террористік қимылға дайындалған үш оқиға дер кезінде жолы кесіліп, залалсыздандырылды. Бұл әрекетке Алматы және Қарағанды облыстарының радикалды топтары дайындалған. Осы әрекетке қатысы бар тұлғалар 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды» делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, осы уақытқа дейін еліміздің әр аймағынан 7 радикалдық топ пен 34 жекелеген тұлғаның жұмысы тоқтатылған. Террористік және діни экстремистік қылмыстарға қатысы бар 140 адам сотталған.

Қазірде қазақстандық 40 лаңкес пен олардың 65 әйелі шет елдердегі террористік топтардың қатарында жүр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды