USD
USD
USD

Алматы мен Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды

«Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға ұшуды бастады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Алматы мен Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бакуден Алматыға ұшу аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері. Ал 16 наурызда «Әзірбайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге ұшатын рейсті ашты.

«Алматы - Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзірбайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», - деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе