USD
USD
USD

Алматы мектептеріндегі камералар полицияға қосылды

Алматы мектептеріндегі камералар полицияға қосылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы мектептеріндегі камералар полицияға қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ПД консультативтік-кеңесші органында өткен жиында мәлім етті.

«Ресей Федерациясының Қазан және Пермь қалаларында болған қайғылы оқиғаларды барлығы біледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде алдын алу шаралары күшейтілді. Бүгінгі таңда қаладағы барлық 207 мектепте 4 414 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 2 620-сы Жедел басқару орталығына қосылған. Қалғандары жақын арада қосылады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеріс, қаланың барлық мектептерінде күзет агенттігіне хабар беретін дабыл түймелері орнатылғанын және жұмыс істеп тұрғанын көрсетті, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, білім беру мекемелері дабыл құрылғыларымен жабдықталған, оларда дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі де бар, білім беру ұйымдарының әкімшілік ғимараттарына кіруді бақылау және басқару үшін қондырғылар орнатылған. Сонымен қатар, 150 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе