USD
USD
USD

Алматы мектептері «аузы-мұрнынан шыға» толы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келгенде қала мектептеріне қатысты былай деген: «№173 мектепте бастауыштағы бір класс оқушыларының саны 50-ге жеткен. Бес жылда бар-жоғы 4200 орындық бес жаңа мектеп қана салынды. 202 мектептің 43-і бастан-аяқ жөндеуді қажет етеді».

Алматы мектептері «аузы-мұрнынан шыға» толы
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова баспасөз мәслихатын өткізіп, президенттің сөзін жоққа шығарды.

«Президент келіп-кеткеннен кейін мектептерге сұрау салдым. Бұл ақпарат дәлелденбеді. Және осы жайт айтылғанға дейін бізде ондай мәселе болған жоқ. Екінші кластардың бірінде 44 оқушы болған, бірақ одан көп емес. Сондықтан, мұндай ақпараттың президент әкімшілігіне қалай түскенін мен білмеймін», – деді Г.Қожабергенова.

Алматы мектептерінде оқушылар саны шамадан тыс көп екені біраздан бері айтылып жүр. Бұған қатысты нақты деректі бір білсе, ата-аналар білсе керек.

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries