USD
USD
USD

"Алматы марафонының” қатысушысы мәреге жеткеннен кейін қайтыс болды

25 қыркүйекте Алматыдағы "Алматы марафонына” қатысқан 47 жасар Рүстем Садықов мәреге жеткеннен кейін көз жұмды, деп жазды “Алматы марафоны” сайты.

"Алматы марафонының” қатысушысы мәреге жеткеннен кейін қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті еріктілер көрсетті. Қалалық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерімен бірлесіп жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Бастапқыда жүрегі іске қосылды, синус ырғағы пайда болды. Бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта басталды. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның ішінде соңғы 10 минут жедел жәрдем көлігінде жасалды. 10:15-те қатысушы қайтыс болды. Ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады", - деді мәреде кезекшілікте болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Сахов.

Ақпаратқа сәйкес, Рүстем Садықов осыған дейін бірнеше жарысқа қатысқан. Ол сәуірде Алматы жартылай марафонында, 2021 жылы Алматы марафонында жүгірген. 

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы